Текст
2024 жылғы 10-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ауылдық мектептердің 10-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ІІ Республикалық олимпиаданың IV (республикалық) кезеңі өтті. Жарқайың ауданының намысын Уәлиханов а.ЖОББМ 11 сынып оқушысы Воронина Евгения қорғады. Олимпиада қорытындысы бойынша Евгения жүлделі орынға ие болып III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Смаилова Светлана Тұрсынбековна. Жеңісіңізбен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз.