Жарқайың ауданының
«Білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1. Қоғамдық қатынастардың аясын атауы: білім беру
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стандарттарын әзірлеуші атауы: Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
3. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекеттері) ережесі
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын,Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңы және өзге де актілерін басшылыққа алу;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің айқындылығын қамтамасыз ету;
бөлім қызметкері жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызмет және басқа
адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;
мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы орындауды қамтамасыз ету, еңбек тәртібі мен
шарттарын
сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;
тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
қолжетімді түрде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну;
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде үнемділік пен тиімділік
танытып, мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіруді қамтамасыз ету.
мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты
оңтайлы және тиімді жұмсау заңда көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну;
мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын
қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу;
атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Бірыңғай борышкерлер тізіліміне қосылғанәлеуетті жеткізуші және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысушыға жол бермеу.
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
кәсіби этиканы сақтау;
кейбір тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға әрекеттену мақсатында жүгінгені жайында басшылыққа
және уәкілетті органға хабарлау;
еңбек тәртібін мүлтіксіз орындау, билікті тиімді жүргізу, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару,
жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалына тәуелсіз
болу;
жеке сипаттағы мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және өзге тұлғалар
қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;
мүдделер қайшылығына жол бермеу, туындаған жағдайда оларды жою бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау.
бөлім қызметкері қызметтік міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке бас мүддесінің туындағаны туралы, сыбайлас жемқорлық әрекетіне және сыйлық алу итермелеу туралы тікелей немесе өз басшысына жеткізу;
3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:
нормативтік құқықтық актілер жобасын дайындау мен талықылауда қоғамның, бүкіл ақпараттық құралдардың міндетті түрде қатысуын
қамтамасыз ету;
әзірленген нормативтік құқықтық актілержобаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жіберуге дейін көпшілікпен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілерді интернет-порталға орналастыру;
3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
заңмен қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік қарастырылған қылмыс пен өзге құқықбұзушылықтарға жол бермеу;
қарамағындағы қызметшілерге қатысты негізсіз кінә тағуға, әдепсіздік, адамгершілік абыройын қорлау фактілеріне жол бермеу;
басшылардың тапсырмаларын орындау барысында негізделген және сенімді мәліметтер ғана ұсыну;
мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, меншікті, автокөлік құралдарын қосқанда, тиімді, оңтайлы және қызметтік мақсаттарда ғана пайдалану;
ұжым арасында іскерлік өзара қарым-қатынас орнатуға және нығайтуға септігін тигізу;
қызметтік міндеттерін тиімді пайдалану үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
қызметін лауазымдық өкілеттігіне сәйкес жүзеге асыру;
қызмет әдептілігін ұстану;
сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды болдырмау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қабылдау, жазбаша түрде
мүлтіксіз жоғары тұрған басшыға, уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлау.
4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:
бөлім қызметшіге тиым салынады:
егер коммерциялық ұйымды басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық өкілеттігіне кірмесе,
кәсіпкерлік іспен айналысуға, соның ішінде ұйымдастыру-құқықтық формасына
қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға;
педагогикалық, ғылыми және өзге шығармашылық істен бөлек өзге ақылы іспен айналысуға;
өзі қызмет ететін, немесе қарамағындағы не бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші жақтың ісі жөнінде өкілі болуға;
егер шаруашылық субъектілерді басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық
өкілеттігіне кірмесе, өздігінше шаруашылық субъектілерді басқаруға қатысуға, өзінің қызметтік өкілеттіктерін мүліктік немесе өзге игіліктерге қол жеткізу мақсатында құқыққа қайшы пайдалану арқылы ұйымдардың не жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға ықпал жасауға;
қызметтік емес мақсатта материалдық-техникалық, қаржылық ақпараттық қамтамасыз етуді, өзге мемлекеттік
мүліктік және қызметтік ақпаратты пайдалануға;
мемлекеттік органдардың бірқалыпты қызмет етуіне және лауазымдық міндеттердің орындалуына, ереуілдерді қосқанда, кедергі
болатын іс-қимылдарға қатысуға;
қоғамдық адамгершілікке, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғушылықпен байланысты заңнама талаптарын бұзуға, басқа
азаматтарды құқыққа қайшы, қоғамға қарсы іс-қимылдар жасауға тартуға;
қызметтік жағдайын және сонымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің мүддесін қорғауда, соның
ішінде оларға деген қарым-қатынасын насихаттау үшін пайдалануға;
қызметшіге заңды, сондай-ақ жеке тұлғалармен қызметтік ісімен байланысты әрекеттері үшін марапаттау ретінде
сый-сияпаттар, ақшалай сыйлар, демалысқа, сауықтыруға, ұялы байланысқа, көлік шығындарына арналған төлемдер алуға тыйым салынады.