Текст
«Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша отбасылық клубтардың ашылуы маңызды жоба болды. Жарқайың ауданында 21 жалпы білім беретін мектепте отбасылық қарым-қатынас клубтары ашылды. Отбасы клубы- бұл процеске қатысушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, отбасы институтын нығайтуға және бала тәрбиесіндегі тәжірибені беруге ықпал ететін, отбасының өзекті қажеттіліктерін ескеретін отбасымен жұмыстың тиімді нысаны.