Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ 2020-2021 оқу жылына арналған жоспарға сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім бөлімінің кітап қоры бойынша әдіскері білім беру ұйымдарының 5 сынып оқушылары арасында «Ең үздік оқырман сынып» аудандық байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты – оқу мәртебесін көтеру, оқушылардың оқу сапасын жақсарту, заманауи оқушының рухани-адамгершілік және зияткерлік дамуының шарты ретінде оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру.
Байқауға орыс тілінде оқытатын мектептердің 5 сынып оқушылары қатысты. Байқау 4 турда ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өткізілді.
Байқаудан кейін қазылар алқасының әр мүшесі әр параметр бойынша ұпай қоя отырып,бағалау парағын толтырды.
Комиссия мүшелері бағалау критерийлерін қолдана отырып, оқушылардың қалай қатысқанын қарады.
Комиссия бірауыздан шешім қабылдады:
Бірінші орын–Крупская ат.ОМ, Зерноград ОМ.
Екінші орын–Абай ат.ОМ, Уәлиханов ОМ.
Үшінші орын- Островский ат.ОМ, Гастелло ОМ, Ростов ОМ.
5 сынып оқушыларына белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілсін:
Пятигорский ОМ, Отрадный НМ, Қарасу НМ, Львов НМ, Нахимов НМ, Фурманов ОМ.