«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ 2024 жылғы 29 қарашада Көкшетау қаласының № 19 ЖОББМ базасында «Экологиялық-туристік-өлкетану қызметі-балалар мен жастарды патриоттық тәрбиелеу ресурстарының бірі ретінде» облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты эко-туристік-өлкетану жұмысы арқылы білім алушылардың патриоттық тәрбиесін одан әрі жетілдіру, оқушылардың өз халқының экологиялық-туризм-өлкетану мұрасына деген құрметін қалыптастыру болып таблыады. Облыстық семинарға Жарқайын ауданынан білім бөлімінің әдіскері Ә.З. Ғазез; Н.Крупская атындағы ЖОББМ педагог-дефектологы Э.К. Бимендина; Н.Островский атындағы ЖОББМ тарих және биология пәні мұғалімі Д.К. Хайруллина; Гастелло а.ЖОББМ мектебінің тарих пәні мұғалімі А.К. Умерсеитова қатысты. Педгогтер семинардан қызықты да маңызды ақпарат алып, өз білімдерін, біліктіліктерін шындап қайтты. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.