Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жоспарының негізінде, зерттеу қызметі арқылы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуды ынталандыру мақсатында 2024 жылғы 25 қарашада «Мен табиғатты танып білемін» облыстық зерттеу жұмыстары байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқау үш номинация бойынша өтті: «Экология – әрқайсымыздың ісіміз», «Мені қоршаған әлем - таңғажайып әлем», «Табиғатты жүрегіңмен сезін». Барлығы 20 оқушы қатысты.
Байқаудың жеңімпаздарын құттықтаймыз! Бұдан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!!!