19-22 қараша күндері Ақмола облысы Щучинкс қаласында “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен “Математикадан олимпиада есептерін шешудің әдіс-тәсілдері” атты республикалық оқу-әдістемелік семинары өткізілді.Семинарға республика бойынша математика мұғалімдері мен бастауыш сыныпта математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдер қатысып,тәжірибе алмасты. Екі күн бойы семинарға қатысушы мұғалімдерге түрлі олимпиада есептерін көрсетіп,шығару жолдары талқыланды.Республикамыздың әр өңірінен жиналған ұстаздарға қатысушы сертификаттары таратылды. Семинар соңында тұңғыш рет “Олимп шыңы” республикалық пәндік олимпиадасы өткізілді. Ауданымыздың атынан Далабай ауылының негізгі орта мектебінен барған мен, бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Мықтыбекова Зинат Қайыржанқызы аталған олимпиадаға қатысып, жүлделі 2 орынды иелендім. Республика көлемінде ұйымдастырылған іс-шараға қатысуға мүмкіндік берген аудандық білім бөлімі басшысы Нурпеисова Г.Қ-на және әдіскерлерге алғыс білдіремін.Ауданымыз биік белестерден көріне берсін!