Текст
2021 жылғы 10-13 ақпан аралығында Жарқайың ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 2003-2005 ж. т. оқушылары арасында күш гимнастикасынан онлайн – жарыс өткізілді. Жарысқа аудандағы 21 мектептен 10 мектеп қатысты. Жарыстың мақсаты мен міндеттері:оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының уақытын тиімді пайдалану үшін Сovid-19 пандемия кезеңінде онлайн жарыстар ұйымдастыру. Команда құрамы-4 қатысушы (2 ұл, 2 қыз), 1 команда өкілі.Аудандық жарыстан жеңімпаз атанған Н.Крупская атындағы орта мектебі облыстық жарысқа жолдама алды.Біздің спортшыларымызға сәттілік тілейміз!