2021 жылдың ақпанның 5 – де «Тіл дарыны» байқауының аудандық кезеңі өтті.Байқау онлайн форматында өткізілді.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау,
- оқушылардың үш тілде оқып-үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.
Байқауға кез келген ұлт өкілдерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылды.
Қазылар алқасы қатысушылардың білімдерін тексеріп, жеңімпаздарын мен жүлдегерлерін анықтады.
Байқау қазақ тілінде өтті және 8 номинациядан тұрады:
1. «Полиглот» – қазақша мақал-мәтелдерді соңғы бір сөзбен толықтырып, сол сөздін орыс және ағылшын тілдерінде аудармасын беру;
2. «Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, діні мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;
3. «Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;
4. «Тең шарттарда диалог» - белгілі бір тақырыпқа үш тілде диалог құрастыру (8-10 сойлем);
5. «Жағымды әңгімелесуші» - өмірбаяның 3 тілде айту (15 сөйлемге дейін);
6. «Ең үздік мәңерлеп оқушы» - 3 тілде кез-келген тақпақтың үзіндісін оқу;
7. «Экскурсия жетекшісі» - өз елі туралы 3 тілде қысқаша мәлімет жасау;
8. «Жас ақын» - оқушы өз шығармаларын үш тілді оқып береді
Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың толық берілуі мен сапасы; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі.Байқауда 19 оқушы қатысты.Байқадың жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алады. Жарқаыйң ауданының білім бөлімі қатысушыларға және әділқазылар алқасына алғыс білдіреді.